Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бүгін сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз хытшысы Берік Уәли таратқан хабарламаға сілтеме жасап.
«Президенттің Баспасөз қызметі @AkordaPress ресми аккаунтында осы іс-шарадан твит-трансляция жүргізеді.
Салтанатты жиын сағат 21:30-де республикалық телеарналардан көрсетіледі», деп жазылған хабарламада.