Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желтоқсан боздақтарының азаттық жолындағы рөлін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Кешегі желтоқсан қаһармандары біз үшін Тәуелсіздікті бір табан жақындатқаны анық. Асқар тау алыстаған сайын асқақ көрінеді. Біздің бабаларымыз қазақтың дербес мемлекет құрып, еркін өмір сүруге құқылы екенін тарих алдында дәлелдеді. Осылайша, мыңжылдықтар тоғысатын тұста азаттық туы көгімізде желбіреді. Ұлттың ең ұлы мұраты – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол сәттен бастап Қазақ елінің ұлы көші болашаққа бет түзеді. Халқымыз өз мемлекетін құруға кірісті. Бұл – тарихи әділдіктің орнауы», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.