• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Тәуелсіздік 16 Желтоқсан, 2021

БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтау жолдады

372 рет
көрсетілді

16 желтоқсан – Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Тұрақты үйлестірушісі Микаэа Фриберг-Стори арнайы құттықтау жолдады, деп жазады Egemen.kz.

«Бүгін Қазақстан Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басуда. Қазақстан халқы соңғы үш онжылдықта, әсіресе тұрақты дамуда, үлкен жетістіктерге жетті: теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдер тобының төрағасы, БҰҰ бітімгершілік операцияларына үлес қосушы және бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы көптеген бастамалар авторы ретінде әлемдік аренада құнды рөл атқаруда. БҰҰ Қазақстанмен пандемиядан қайта өрлеу және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша қолдау көрсетуді жалғастырады», делінген құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар