Гаитидің солтүстігіндегі Кап-Гайтиен қаласында жанармай таситын көлік жарылысынан зардап шеккендер саны 75 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыстан қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Жағдайы ауыр 56 адам ауруханада емделіп жатыр.
Гаити премьер-министрі Ариэль Анри елде үш күндік қаралы күн жариялады. Айта кетейік, жарылыс салдарынан жақын маңдағы 20 үй жанып кетті.