Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туиттердегі парақшасында осыдан 35 жыл бұрын Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шыққан қазақ жастары жайлы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды», делінген жазбада.