Шығыс Қазақстан облысында 17-20 желтоқсан аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17-20 желтоқсан аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.
«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.