• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Желтоқсан, 2021

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

146 рет
көрсетілді

Синоптиктер 18 желтоқсандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы, солтүстігінде Солтүстік-батыс циклоны ықпалымен жаңбыр мен қар жауады, жаяу бұрқасын соғады.

Республиканың қалған аумағында антициклон әсерімен жауын-шашын жаумайды.

Елдің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.

Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі, түнде облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі, солтүстігінде жаяу бұрқасын көтеріледі, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Павлодар облысының солтүстігі, батысында тұман түседі, көктайғақ болады, түнде облыстың оңтүстігінде желдің күші - 15-20 м/с шамасында.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, желмен бірге жаяу бұрқасын соғады.

Атырау облысының батысында, күндіз басым бөлігінде - көктайғақ, облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысы, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, Батыс Қазақстан облысында – жаяу бұрқасын көтеріледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, түнде Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жел қарқыны - 15-20 м/с.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.kazinform.kz/kz/boran-zhel-koktaygak-senbige-arnalgan-aua-rayy-bolzhamy_a3875513