Сенбі күні Грекияның оңтүстігінде жер сілкінісі болды. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жерасты дүмпуінің магнитудасы 5,4 баллға жуықтаған.
Афины геодинамикалық институтының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақытпен 5:16-да Пелопоннес пен Крит арасындағы теңізде болды. Грек ақпарат құралдары жер сілкінісінің Афинадан Критке дейінгі үлкен аумақта сезілгенін хабарлады.