• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Желтоқсан, 2021

Бірнеше облыста тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін

403 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, облыстың батысында, орталығында секундына 15-20 метр болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде тұман күтіледі. 19-20 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады,

19 желтоқсан күндіз, 20 желтоқсанда түнде екпіні 23-28, кей уақыттарда секундына 30 метр және одан асатын жел күтіледі. 19-21 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

19 желтоқсанда Қарағанды облысының түнде батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.

19 желтоқсанда күннің екінші жартысында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр түрінде жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, оңтүстікте, батыста, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда таңертең және күндіз секундына 15-20 метр, таулы аудандарда екпіні секундына 23-28 метр, таулы асуларда секундына 30 метр және одан да асатын жел күтіледі.

19 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Нұр-Сұлтанда 19 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз жаяу бұрқасын.

19 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. 18-22 желтоқсанда Алматы облысының Алакөл өзендері аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні секундына 25 метр болады.