Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 желтоқсанда екі адам ПТР талдауы (КВИ+) расталған коронавирустан, тағы бір адам ПТР сынамасы теріс (КВИ-) бар коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды деп хабарланды.
20 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 721 адам КВИ (17 165 КВИ + және 2 556 КВИ-) бойынша ем алуды жалғастырып жатыр,
3 413 науқас стационарда,
16 308 науқас амбулаторлық деңгейде.
КВИ + және КВИ- бар науқастардың арасында:
жағдайы ауыр - 293 науқас,өте ауыр жағдайда - 73 науқас,жасанды тыныс алу аппаратында - 58 науқас.