Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтан Құмтор іс бойынша барлық айыптар алынып тасталды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Ақаев ҰҚК-де жауап алғаннан кейін Мәскеуге ұшып кетті. Экс-президенттің қорғаушысы Бекболот Талғарбековтың айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысынан барлық айыптау алынып тасталған. Осылайша, Ақаевқа қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Тергеу оның да, оның жақындарының да Құмтор жобасынан қаражат өндірмегені анықталды.
«Асқар Аскаевтың Centerra Gold Inc-те бірде-бір акциясы жоқ. 2003 жылы Үкімет Centerra құру туралы шешім қабылдады. Келісімді құрамына «Қырғызалтын» кірген мемлекеттік комиссия, оның ішінде Үкімет пен парламент өкілдері, соның ішінде Ақылбек Жапаров та дайындады. Үкімет тек келісімді мақұлдады. Бекітілмес бұрын бұл келісімді Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының сарапшылары қарап, оң қорытынды берді. Асқар Ақаев бұған дейін мемлекеттік комиссияны тексермегенін айтып, халықтан кешірім сұрады», деді Бекболот Талғарбеков.
Еске сала кетсек, 2 тамызда Асқар Ақаев Қырғызстанға Құмтор кен орны туралы іс бойынша айғақтар беру үшін жеткізілді. Бұл оның «Қызғалдақ төңкерісінен» кейін еліне алғаш оралуы. Экс-президент бірнеше күн отанында өткізіп, содан кейін Мәскеуге оралды. Ол Құмтор туралы іс бойынша куәлік беру үішн Бішкекке екінші рет 14 желтоқсанда келді. Сапар ҰҚК-мен келісілді.