Алматыда коронавирус жұқтырған 167 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 30 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар –12 , келіп түскені – 4.
«Инфекциялық стационарларда 167 адам бар. Оның ішінде 8 бала емделуде. Төсек-орын 1434-тен 1 104 - ке, дейін қысқарды», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 32 адам жатыр.
Ал 6 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 6 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 297 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 281 науқас. 16 адамда коронавирус белгілері жоқ.