• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Желтоқсан, 2021

«Сауатты жарнама - тіл абыройы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

635 рет
көрсетілді

2021 жылғы 30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған «Сауатты жарнама - тіл абыройы» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған байқауға еліміздің өңірлерінен кәсіпкерлік субъектілері, кіші және шағын бизнес өкілдері және жеке азаматтар қатысты.

Байқаудың мақсаты: қоғамда жиі көтеріліп жүрген сыртқы жарнамалар мен маңдайшалардағы, басқа да көрнекі ақпараттардағы қазақ тілінің сауатты жазылуы және мәтіндердің мағыналық аудармасын, мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, сауатты ресімделуі, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалауға атсалысып жүрген азаматтарға қолдау көрсету.

Көрнекі ақпарат саласындағы мәселелерге қоғам назарын аудару. Осы саладағы кемшіліктерді түзетуге, маңдайшалардағы орфографиялық және стилистикалық, пунктуациялық қателерге жол бермеуді, аударма жасайтын мамандарды анықтап ынталандыру және республика аумағында тіл туралы заңның орындалуына атсалысып жүрген азаматтарға қолдау көрсету.

Байқау екі тур бойынша облыстық және республикалық деңгейде өткізілді.

Байқау нәтижесі бойынша қатысушылар диплом, алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.