• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Желтоқсан, 2021

Калгариде олжалы болды

242 рет
көрсетілді

Конькимен жүгіруден Калгариде (Канада) өткен Әлем кубогы кезеңінде қа­зақстандық спортшылар үш қа­шық­тық бойынша үздік шықты.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметі бойынша Екатерина Айдова әйелдер арасында 500 метрде үздік атанса, ерлер арасында 1000 метрге жүгіруде Денис Кузин жеңімпаз атанды. Сондай-ақ 1500 метрге жарысуда Дмитрий Морозов мәре сызығын бірінші кесіп, жарыс жеңімпазы болды.

1000 метр қашықтықта сынға түскен Ека­терина Айдова аталған жарыста тағы бір мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл жолы ол күміс медальға қол жеткізді. Бір айта кетерлігі, Айдова мәре сызығын жарыс жеңімпазы Тай­пей спортшысынан 1,04 секундқа кеш кесті.