• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Желтоқсан, 2021

Мария Агапованың қарсыласы белгілі болды

175 рет
көрсетілді

UFC ұйымындағы аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-2) келесі жекпе-жегін украиналық Марина Морозбен (10-3) өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Vesti.kz сайты жазады.

Жекпе-жек 2022 жылдың 5 наурызына жоспарланған UFC 272 турнирінде өтеді.

Агапова мен Мороздың араларында шешілмеген мәселелері бар. Бұған дейін 30 жастағы Мороз Мария Агапованы есірткі пайдаланды, полициямен проблемалары бар, тіпті пышақпен шабуыл жасады деп айыптаған болатын.

Еске салайық, қазан айында Агапова Сабина Мазоны (9-3) жеңіп, үш жекпе-жектен кейін промоушндегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Жеңіске жеткеннен кейін қазақстандық Морозды жекпе-жек өткізуге шақырған болатын.