• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Желтоқсан, 2021

Жыл басынан бері әлемде 3,3 млн адам коронавирустан қайтыс болды

401 рет
көрсетілді

2021 жылдың басынан бері коронавирустан 3,3 млн-нан астам адам қайтыс болды, бұл 2020 жылғы АИТВ, безгек және туберкулез ауруларынан қайтыс болғандардың жалпы көрсеткішінен асады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Африка қазір коронавирус инфекциясының бесінші толқынымен күресіп жатыр, ал оған омикрон нұсқасы себеп болып отыр. Бұл туралы Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс мәлімдеді.

«Қазір омикрон дельта нұсқасына қарағанда тезірек таралатыны және COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған немесе емделген адамдардың қайта жұқтыруы мүмкін екені туралы дәйекті дәлелдер бар», деп атап өтті Гебрейюс.

«Биыл COVID-19-дан 3,3 миллионнан астам адам қайтыс болды. Бұл АИТВ, безгек және туберкулезден 2020 жылы тіркелген өлім-жітімнен де көп. COVID-19-дан қазір апта сайын 50 мыңға жуық адам көз жұмады», деді ДДСҰ басшысы.

ДДСҰ мәліметіне сәйкес 17 желтоқсандағы жағдай бойынша әлемде коронавирустық инфекцияның 271 963 258 расталған жағдайы тіркелсе, 5 331 019 адам қайтыс болды.