• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Президент 21 Желтоқсан, 2021

Бүгін – ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға 30 жыл

533 рет
көрсетілді

1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«30 жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады», делінген Мемлекет басшысының жазбасында.

Айта кетейік, 1991 жылы 13 желтоқсанда Түрікменстан астанасы Ашхабадта КСРО құрамына кірген бес Орталық Азия Мемлекеті: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша қабылданған мәлімдемеде елдер бұрынғы КСРО мемлекеттерінің тең қатысуы шартымен ТМД ұйымына кіруге келісім білдірді.