Өзбекстандағы Ташкент облысының Қибрай ауданында академиялық лицейдің оқушысы TikTok түсіру үшін пойыз вагонына шығып, тоққа түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтық Көлік және туризм нысандарындағы қауіпсіздік департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Қибрай ауданындағы «Ок-Ковок» вокзалының 21 шақырымында ІІМ-не қарасты академиялық лицейдің 3-курс оқушысы өтіп бара жатқан пойыздың төбесіне шығып кеткен», деп хабарлады департамент өкілі.
Салдарынан жасөспірім сол жерде көз жұмған.