• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Желтоқсан, 2021

Елорданы газдандыру жұмыстары неге баяу жүріп жатыр?

363 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің отырысында елорданы газдандыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық кеңес мүшесі Бауыржан Смайылов қаланы газдандыру жұмыстарын сынға алды.

«Газдандыруға қатысты халықтан шағымдар көп. Газдандыруға жауапты «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы үлгермей жатыр. Бүгінгі күні қала бойынша сервистік қызметті тек бір бригада атқарады. Бүкіл халыққа бір ғана сервистік қызмет, неге олардың санын көбейтпеске?», деді Бауыржан Смайылов.

Бұл ескертулерге басқарма орынбасары Рүстем Закарин жауап берді.

«Соңғы үш-төрт айда мыңнан астам үйге газ тартылды. Газ жеткізуге өтінімдер саны күн сайын артып келеді. Бұдан басқа, елорданы газдандырумен «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы емес, «Интергаз Орталық Азия» компаниясы айналысады. Үйлерге газ жеткізу - олардың міндеті. Сіз көтерген мәселе бойынша біз осы компанияның басшылығына мамандар санын арттыруға қатысты хат жолдадық. Сіз атап өткен «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы – жеке меншік, ол әкімдікке бағынбайды. Сервистік қызметтерді көп жағдайда жеке ұйымдар да көрсетеді. Мемлекет, әкімдік жеке компаниялардың жұмысына араласа алмайды. Дегенмен, біз аудан әкімдіктерімен бірлесіп бұл мәселені қалай шешу керектігін қарастырып жатырмыз. Өз жұмыстарын жоспар бойынша орындайтын компаниялар да бар, керісінше, жұмысы ақсап қалған компаниялар да бар», деді Рүстем Закарин.