• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Желтоқсан, 2021

Соңғы он айда 28 мың адам елден көшіп кеткен

627 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 27 723 адам Қазақстаннан көшіп кеткен, деп жазады Egemen.kz.

Биыл елімізге 8300 адам қоныс аударған.

«Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің жалпы санының үлесі сәйкесінше 84,4% және 85,9% құрады», делінген хабарламада.

Сонымен қатар ел ішінде көшіп-қону бойынша 2020 жылғы қаңтар-қазан айымен салыстырғанда, 5,3%-ға азайған.

Аймақтар бойынша Нұр-Сұлтан (25086 адам), Алматы (24351 адам), Шымкент (9459 адам) қалаларына және Маңғыстау облысына (238 адам) көшіп келушілер саны арта түскен.