Түркияда Қазақстан ұлттық құрамасы Литва командасымен жолдастық кездесу өткізді. Матч 1:1 есебімен аяқталды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.
Кездесуде алдымен есепті литвалықтар ашты. Ойынның төртінші минутында Лукас Спальвис гол соқты. Осыдан кейін бірінші таймда Қазақстан командасы есепті теңестіру үшін бірнеше шабуылдар жасағанымен жаттықтырушылар құрамын голмен қуанта алмады. Голды біздің жігіттер тек ойынның екінші жартысында соқты. 69 минутта Нұрбол Жұмасқалиев қақпаны дәл көздеді.
Осылайша жақында ғана ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалған ресейлік маман Юрий Красножанның бұл алғашқы матчы болды.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: http://kazsporttv.kz