• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 22 Желтоқсан, 2021

Жандос Бүркітбаев: Тағайындау ештеңені білдірмейді

296 рет
көрсетілді

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев өзінің аталған қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу - әрқашан жауапты болу. Бұл ең алдымен өзіңе, әріптестерімізге, халқымызға деген үлкен жауапкершілік. Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі рөлі - Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғау. Тағайындау ештеңені білдірмейді, өз міндетімді атқара беремін», деді Бүркітбаев Үкімет отырысынан кейін.

Жандос Бүркітбаев Цойдың кетуіне қатысты мемлекеттік органдардың бірінші басшысын тағайындау, жұмыстан босату туралы шешімді жоғары басшылық қабылдайтынын айтты.

«Тиісінше, бұған пікір білдіруім орынсыз. Мемлекеттік саяси қызметкер ретінде мен тапсырмаларды орындаймын, өкілеттіктер аясында міндеттерді орындаймын. Жұмыс жоспарлы, жүйелі жүргізіліп жатыр. Сол жоспар бойынша жүйелі мәселелермен айналысып жатырмыз», деп түйіндеді ол.