• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Желтоқсан, 2021

Кеме апатынан қайтыс болғандардың саны 60 адамға жетті

550 рет
көрсетілді

Мадагаскар жағалауындағы кеме апатынан қаза тапқандар саны 60-қа жетті, деп хабарлайды Egemen.kz  24.mg-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін Франция Пресс агенттігі жергілікті теңіз және өзен порттары басқармасына сілтеме жасай отырып, 17 адам қаза тапқанын және 60-қа жуық азамат хабар-ошарсыз кеткенін мәлімдеген болатын.

Порталдың хабарлауынша, сәрсенбі күні таңертең 24 адамның мәйіті табылған, тағы жиырмаға жуық адам хабар-ошарсыз кеткен. Құтқару жұмыстары жалғасуда. Апат дүйсенбі күні таңертең болды. Жалпы кеменің бортында 130 жолаушы болған, оның 45-і құтқарылған.