• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Наурыз, 2014

«Құлпырған көктем» көріністері

571 рет
көрсетілді

Бүгінде түрлі мәдени шараларға ұйытқы болып жүрген Назарбаев Орталығы, елорда тұрғындары мен қонақтарына таныстыру үшін Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Құлпырған көктем» атты суретші қыздардың шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырды. Көктем мерекесіне тұспа-тұс келген игілікті шараның ашылуын былайғы жұрт­тан бөлек кәсіби суретшілер де тамашалады. Көрнекті суретшілер Гүлфайрус Исмаилова мен Айша Ғалымбаеваның шығармалары ерекше көз тартады. Сондай-ақ, көрермендер А.Алпысбаева, Р.Ахметжанова, Б.Зәуірбекова, Н.Қиқымова, В.Слабоспицкая, А.Көлке, Т.Мәжитова, М.Мырзабекова, Н.Терещенко, А.Сүлеева сынды өзге де суретшілердің сырға толы сиқырлы саусақтарымен кенепке жан бітірген қойнауы терең қиялынан туған ғажайып әлемімен таныса алады. «Бүгін сурет өнер шеберлері үшін қуанышты күн. Өйткені, суретші қыздары­мыздың көрмесі өтуде. Өнерсүйер қауым Қазақ елінің үлкен мэтріне айналған қыл­қалам шеберлерімен қатар, аға, орта және кейінгі буын суретші арулар еңбектерінің жұртқа таныстырылып жатуы құптарлық жай. Шығармашылықтарыңыз шарықтай берсін, ару суретшілер!», деді көрменің ашылуында сөз алған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, суретші Марат Тоқсейітов. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.