Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жарияланды. Мәліметке сәйкес коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайтыс болғандарда расталған ПТР талдауы (КВИ+) болғаны хабарланды.
Сондай-ақ, 21 желтоқсанда дәрігерлер ПТР-сынамасы (КВИ) теріс нәтижелі коронавирус белгілері бар пневмонияның 75 жағдайын тіркегені айтылды.
23 желтоқсандағы жағдай бойынша 18 685 адам COVID-19 (16 239 КВИ+ және 2 446 КВИ-) инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 2 947 науқас стационарда, 15 738 науқас үйде ем алуда.
КВИ+ және КВИ- шалдыққандар арасында:
жағдайы ауыр - 262 науқас;өте ауыр жағдайда - 73 науқас;жасанды тыныс алу аппаратында - 62 науқас.