• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Желтоқсан, 2021

Германия COVID-19-ға қарсы екпенің төртінші дозасы туралы мәлімдеме жасады

164 рет
көрсетілді

Германияның Денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах коронавирус пандемиясымен және омикрон штамымен күресуде вакцинаның төртінші дозасы қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Daily Mail сайты жазады.

Лаутербахтың айтуынша, Германия омикрон штамына арнайы BioNTech жасаған, 2022 жылы көктемде түсетін вакцинаның 80 миллион дозасына тапсырыс берген.

Министрдің айтуынша, жақында бекітілген Novavax вакцинасының төрт миллион дозасына және нарықта әлі мақұлданбаған Valneva вакцинасының 11 миллион дозасына тапсырыс берген.

«Вакцинаны күшейту науқаны - омикронмен күрестегі маңызды элемент. Күшті вакцинадан кейін COVID-19-дан қорғаныс деңгейі өте жоғары болады. Менің ойымша, бұл 90 пайыздан асады», деді Денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ, ол инфекцияның алдағы толқынын басуда вакцинаның айтарлықтай әсері бар екенін айтты.

Жұқпалы аурулармен айналысатын Роберт Кох институтының президенті Лотар Вилердің айтуынша, үш апта ішінде Германиядағы басқа коронавирус инфекциялары арасында омикрон басым болуы мүмкін.