Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Палата талқылауына бірінші оқылымға кейбір заңнамалық актілерге меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселелері шығарылады.
Жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына ратификациялауға қатысты: 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан мен Ресей Үкiметтерi арасындағы Келісімге авариялық-құтқару қызметтері мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы Хаттама және Қазақстан-Қырғызстан төтенше жағдайлар мен табиғат апаттарының тәуекелін төмендету бойынша Орталық құру туралы келісім бар.
Палатаға екі заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу ұсынылды. Олар – Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы және 1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияны, оған 1948 жылғы 10 мамырдағы, 1966 жылғы 16 қарашадағы, 1972 жылғы 30 қарашадағы хаттамаларды және 1982 жылғы 24 маусым мен 1988 жылғы 31 мамырдағы түзетулерді ратификациялау туралы заң жобалары.