• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Желтоқсан, 2021

Жетімдер интернатының директоры 12 млн теңгемен ұсталды

455 рет
көрсетілді

Өскемендегі №2 соттың баспасөз қызметі «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат» КММ директорына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қылмыстық іс қаралғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша, 2013-2019 жылдар аралығында директор қызметін атқарған сотталушы жалпы сомасы 12 830 996 теңгеге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлап кеткен.

Жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтары, бухгалтерлік құжаттар мен сараптама қорытындысы күдіктінің кінәсін растады.

Алайда, сотталушы кінәсін мойындамады. Бұрынғы директор мен оның адвокаты ақтау үкімін шығарып, істі тоқтатуды сұрады.

Прокурор қылмыскерді 9 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті, бірақ сот бұл мәселеде айыпталушының балалары бар екенін назарға алды.

«Қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасауды, кәмелетке толмаған баланың болуын, ауырлататын мән-жайлардың болмауын, әрі залалдың өтелмегенін ескере отырып, сот мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», деп хабарлады № 2 сотта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.