• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Желтоқсан, 2021

Әйелінің атынан заңсыз несие рәсімдеген азамат ұсталды

392 рет
көрсетілді

Түркістан облысында бұрынғы азаматтық некедегі әйелінің атынан заңсыз несие рәсімдеген азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Otyrar.kz телеарнасы мәлім етті.

Арнаның хабарлауынша, Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі пәтеріне келіп, ұялы телефонын ашық түрде иемдену арқылы атынан жасырын түрде несие рәсімдеген. Келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгені құраған. Яғни, арызданушы ұялы телефонындағы қосымшаға несие бойынша келген хабарламаны көріп, өзіне заңсыз несие рәсімделгенін біліп, полицейлерге жүгінген.

Хабарды алған Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған жайтқа қатысы бар азаматты іздеуге кірісті. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде азаматты қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат алынған несиені өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген.

Қазіргі таңда азаматқа қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.