Алматы қаласының Шевченко көшесінде орналасқан «Азат» сауда үйі өртеніп жатыр. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.
Алматы қаласындағы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, сауда үйінің өртеніп жатқаны жөніндегі хабар диспетчер пультіне бүгін сағат 11:10-да келіп түскен. Алайда, қою түтін салдарынан әзірге шығын көлемін анықтауға мүмкіндік болмай тұр.
«Қалалық өрт сөндіру қызметі 1-бөлімшесінің өрт сөндірушілері оқиға орнына сағат 11.23-те келіп жетті. Бірақ, өрт әлі сөндірілген жоқ», - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы.
Фото: Piter.tv.