Жапония құқық қорғау органдарының қызметкерлері Мексикадан мәрмәр тас арасына жасырылып әкелінген 500 кило кокаинді күдікітілерден тәркіледі. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.
Мамандар тәркілеген есірткі құнын 350 млн. долларға бағалап отыр.
Есірткі алғашында Жапонияның оңтүстігінде орналасқан Фукуока қаласындағы порттар арқылы өткізілген екен. Сол кезде полиция 1,5 тонна тартатын екі мәрмәр тасын рентген арқылы тексеріп, олардың ішінде ұнтақ тәрізді заттардың жасырылғанын анықтады.
Полицейлер күдіктілердің баратын жерін білу үшін олар аялдаған жерде тексеру жүргізген болатын. Ол бойынша екі мәрмәр тасының бірнеше порттардан өтіп, Токио маңындағы Сагамихара қаласына жеткізілгені мәлім болды. Осыған орай, құқық қорғау қызметкерлері заңсыз есірткі тасымалы бойынша бірнеше айыпкерді тұтқынға алды.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Utro.ru.
Фото: Vm.ru.