• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2014

Дағдарыс бейбіт жолмен реттелуі тиіс

310 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федера­циясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында екі ел­дің басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде, соның ішінде Украи­надағы қоғамдық-саяси ахуалдың дамуына қатысты пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­станның стратегиялық серік­тес ретінде Украинадағы аз ұлт­тар құқығын, сондай-ақ, өзінің қауіпсіздігінің мүддесін қорғай­тын Ресейдің ұстанымына түсі­ніс­тікпен қарайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы барлық мүдделі қатысушылар байыптылық танытатынына және келіссөздер жолымен жағдайды тездетіп қалпына келтіру шараларын қа­был­дайтынына үміттенетінін біл­дірді. Қазақстан Президенті Украи­надағы дағдарысты егемендікті сақтау негізінде және халықаралық құқық нормаларына сәйкес бейбіт жолмен реттеу қажеттігі туралы өзінің пікірін білдірді.  

Украинадағы жағдайға назар аударылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Әңгімелесу кезінде Қазақстан-Америка қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ алдағы 24-25 наурызда Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке дайындық барысы талқыланды. Екі мемлекеттің басшылары халықаралық және өңірлік қауіп­сіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты. Украинадағы ішкі саяси жағдайдың дамуына айрықша назар аударылды. Қазақстан мен АҚШ Пре­зи­­денттері Украинадағы дағ­дарыс­ты осы елдің аумақтық тұтас­тығын қамтамасыз ететін және барлық мүдделі тараптарды жақын­дастыруға септігін тигізетін дипло­матиялық әдістерді пайдалана отырып бейбіт жолмен реттеу қажетт­ігін қуаттады. Нұрсұлтан Назарбаев бұл мә­селе үдеріске қатысушылардың барлығының келіссөзі арқылы ғана шешілуге тиіс екенін атап өтті. Өз кезегінде Барак Обама Ук­раи­надағы жағдайды реттеу үшін БҰҰ немесе ЕҚЫҰ тәрізді халық­ара­лық ұйымдардың атсалысуы­мен пәрменді тетіктер қалыптастыру қажеттігіне тоқталды.  

Мүдделі тараптар үнқатысуы – ұтымды құрал

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Германия Фе­дералдық Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Екі елдің басшылары Қазақ­стан-Германия екіжақты қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ, Қазақстан Президентінің Гер­манияға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар негі­зіндегі сауда-экономикалық ынты­мақтастық аясын кеңейту мәсе­лелерін талқылады. Бұған қоса, Нұрсұлтан На­зар­баев пен Ангела Меркель Украи­надағы ішкі саяси ахуалдың дамуымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жө­нінде пікір алмасты. Әңгімелесу барысында Қа­зақ­стан Президенті украиналық дағдарысты барлық мүдделі тараптар арасындағы үнқатысу жолымен, бұл елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, сон­дай-ақ, өзара күш көрсету мен уль­­тиматумдардан бас тарту үшін халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана оты­­рып, дипломатиялық тұр­ғы­да реттеудің маңыздылығын қуат­тады. Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­стан қажет болған жағдайда Украинадағы ахуалдың бейбіт жолмен шешілуі үшін ымыралы шешімдерді әзірлеуге өзінің сындарлы үлесін қосуға дайын екендігін жеткізді.