• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Желтоқсан, 2021

Елорда – Түркия арнасында

606 рет
көрсетілді

Түркияның ТРТ-1 мемлекеттік телеарнасы елорданы Анадолы жұртына таныстыру мақсатымен Нұр-Сұлтан қаласы туралы арнайы бағдарлама дайындап, көрерменге ұсынды. Әр бөлімі әлемнің бір қаласын таныстыратын «Қалама қош келдіңіз!» атты бағдарламаның «Нұр-Сұлтан» деп аталатын 2-бөлімі 26 желтоқсанда көрсетілді.

Бағдарламаның мақсаты кө­рер­мендерге әлем мемлекет­те­рі­нің ірі қалаларының таны­мал туристік орындарын таныс­тыру болып табылады. Осы орайда ар­наның түсірілім тобы қыр­күйек айында Нұр-Сұл­танға ар­найы келген болатын. Бір апта бойы елорданың кө­рікті орын­­дарының тарихын баян­­дай оты­рып, түсірген еді. Бұл жоба ТРТ-1 мемлекеттік телеар­насы мен Юнус Эмре институты арасында қол қойылған ынты­мақ­тас­тық аясында жүзеге асырылды.

Бағдарламаның басқа бөлім­дері Амстердам, Вена, Мостар, Вар­шава, Будапешт, Рим, Париж, Доха, сондай-ақ Мәскеу сынды әлемнің үлкен қалаларына ар­налған. «Қаламызға қош кел­діңіз­дің» алғашқы бөлімінде Са­раево, ал екінші бөлімінде Нұр-Сұлтан қаласы көрсетілді. Бағ­дарламада «Бәйтерек» мо­нументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Нұржол» бульвары, «Хан Ша­тыр» ойын-сауық және сауда ор­та­лығы, Қазақстан ұлттық му­зейі, Қолжазбалар және сирек кі­таптар ұлттық орта­лығы, Әзірет Сұлтан мешіті, AILAND отба­сылық демалыс саябағы, «Аты­рау» көпірі, ЭКСПО-2017 кешені, «Нұр Әлем» музейі мен Қазақ елі мо­нументі сияқ­ты елорданың ең та­нымал орындары таныстырылды.

Нұр-Сұлтандағы Юнус Эмре институтының екі оқушысы бағ­дар­ламаның концепциясына сәйкес елорданы көрерменге түрікше таныстырды. Сондай-ақ жүргізушілер қазақ ұлттық та­ғамдарының дәмін татып, ет, бауырсақ пен қымыз, сондай-ақ дәстүрлі садақ ату өнері жайлы мәлімет берді.