• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2014

Күн тәртібі нақтыланды

231 рет
көрсетілді

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Бюро мүшелері Сенаттың алдағы 13 наурызда болатын отырысының күн тәртібін қарады. Отырыста Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындау туралы мәселені қарау жоспарланды. Сенаторлар, одан басқа, заңнамаға сыртқы барлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын, ішкі істер органдары туралы заң жобасын, сондай-ақ, заңнамаға ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе құжатты (бірінші оқылымда) талқылайтын болады. Бас комитеттердің төрағалары палата отырысында осы заң жобаларын қарауға әзірлік туралы хабардар етті. Бюрода Сенаттың тұрақты комитеттеріне Мәжілісте мақұл­данған бірқатар заң жобалары бөлініп берілді. Бюрода, сондай-ақ, Сенаттың 2014 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына толықтыру да бекітілді. Атап айтқанда, IV тоқсанға «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан хал­қына Жолдауын іске асырудағы Пар­ламенттің рөлі» халықаралық конференциясын өткізу жоспарланып отыр.