• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Абай 30 Желтоқсан, 2021

Атырауда ұлы Абайға еңселі ескерткіш қойылды

1135 рет
көрсетілді

Атырау қаласында Абайдың есімі берілген орталықтың алдына еңселі ескерткіші қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл өңірде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының есімімен 5 мектеп пен 28 көше аталады. Ал, былтыр ойшылдың есімі Атырау қаласында бой көтерген оқушылар мен жастар сарайына берілді. Соған байланысты нысанның атауы Абай орталығы болып өзгертілді.

Қазір бұл орталықта 30 бағытты қамтитын 100-ге жуық үйірме бар. Үйірмелерде 800-ге жуық оқушы өнер, шығармашылық, технология, көркем-эстетика, спорт, әскери-патриоттық, экология-биология бағытында қосымша білім алады.

Ал, бүгін аталған орталық алдына Абайдың еңселі ескерткіші қойылды. Ескерткіш қоладан құйылған. Оның авторы – мүсінші Асқар Нартов.