• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 30 Желтоқсан, 2021

«Түркі дүниесі – 30» атты жинақ оқырманға жол тартты

3479 рет
көрсетілді

Халықаралық Түркі академиясы бауырлас мемлекеттер тәуелсіздігінің және туыс елдер интегрциясының 30 жылдығына арналған «Түркі дүниесі – 30» атты жинақты жарыққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған кітапта түбі бір түркі елдері мен халықтары ынтымақтастығының 30 жылдық белесінде елеулі еңбек еткен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым басшылары мен елшілері, сарапшылары мен ғалымдарының естеліктері, пайымға толы пікірлері жинақталған.

Жыл бойы жүргізілген сараптамалық жұмыс мәресіне жетіп, нәтижесі арнайы басылым ретінде көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Қорытынды жинақтағы мақалаларға түркі мемлекеттерінің интеграциялық үдерістері, көптеген салалар бойынша, соның ішінде ғылыми-гуманитарлық ынтымақтастықтың қайта жаңғыруы, қарқынды дамуы арқау болған.