• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Желтоқсан, 2021

«Омикрон» штамы Алматыға келген болуы мүмкін - әкімдік

3228 рет
көрсетілді

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров коронавирустың «омикрон» штамы қалаға келген болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Омикрон» ендігі Алматыға келген болуы мүмкін, өйткені вирус жұқтыру дерегі өскені байқалады. Бірнеше күн бұрын 30 жағдай болса, бүгін ол 60-қа жуықтады. Бірнеше күнде көрсеткіш екі есеге өсті. Сондықтан қала әкімдігі мен коронавируспен күрес жөніндегі қалалық штаб барлық алматылықты Жаңа жылда Алматыда болуы мүмкін індет салдарын түсінуге шақырады», деді Бабақұмаров БАҚ өкілдеріне.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабулов жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша қалада «омикрон» штамы анықталмағанын айтқан болатын.