• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Желтоқсан, 2021

Мұхтар Тілеуберді ҚХР Үкіметінің Еуразия елдері жөніндегі өкілімен кездесті

373 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚХР Үкіметінің Еуразия елдері істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

М.Тілеуберді 2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы бүгінгі таңда жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейге жеткен дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті. Осы кезеңде екі ел арасында саяси сенім мен іскерлік әріптестік орнатылды, барлық шекара мәселелері реттелді және қомақты шарттық-құқықтық база құрылды.

Өз кезегінде Ли Хуэй Қазақстанмен стратегиялық серіктестік Қытайдың сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі болып табылатынын мәлімдеді. Екі ел арасындағы қатынастар тығыз сындарлы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделеді. БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК шеңберінде екі елдің тығыз өзара іс-қимылы жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, ҚР мен ҚХР арасындағы жүк тасымалын кеңейту және адам алмасуды қалпына келтіру мүмкіндіктері бойынша пікір алмасты. Тараптар аталған мәселелерді тез арада шешуге бағытталған тығыз бірлескен жұмысқа өзара бейілділігін растады.