«АҚТӨБЕ» – СУПЕРКУБОК ИЕГЕРІ
Сенбі күні «Ақтөбе» командасы еліміздің былтырғы чемпионы Қарағандының «Шахтер» клубын Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчта 1:0 есебімен ұтты. Кездесуде жалғыз допты Данило Неко соқты. Ол ойынның 68-минутында Марат Хайруллиннің әдемі пасын пайдаланып, Мокиннің торына тоғытты. Осы есеп матчтың соңына дейін сақталып қалды. Жалпы, бұл кездесуде «Ақтөбе» қарсыластарына қарағанда әдемі ойын өрнегін көрсетті. Мұны ойынның соңында берген сұхбатында «Шахтердің» бас жаттықтырушысы Виктор Кумыковтың өзі мойындады. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».
•
12 Наурыз, 2014
Сәттібаев пен Сафиуллин топ жарды
236 рет
көрсетілді