• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Желтоқсан, 2021

Аяжан Еділованың өлімі: Қылмыскер 25 жылға сотталды

1130 рет
көрсетілді

19 жастағы Аяжан Еділованы аса қатыгездікпен өлтірген қылмыскер 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскер алдағы 25 жылын түрмеде өткізеді.

Еске сала кетсек, 19 наурызда Алматыда 19 жасар Аяжан Еділова жоғалып кеткен. Қыздың мәйіті 22 наурызда табылды. Полиция «Кісі өлтіру» бабы бойынша тергеуді бастады, іс бойынша Түркістан облысының 1993 жылы туған тұрғыны ұсталды.

Аяжан Еділованың денесі бөлшектелген күйде табылды. Күдікті мәйітті үйден шығарып, қоқыс жәшігіне лақтырып үлгерген.