Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 2021 жылды толағай көрсеткіштермен аяқтап, шаһардың өркенді дамуы жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бір жылдың ішінде қала өміріне қатысты 5 мыңнан астам ақпарат даярланып, бұқараға жеткізілді.
«Шаһар басшысының жұмыс сапарларынан репортаждар шығарып, басқарма басшыларымен және аудан әкімдерімен тікелей эфирлер жүргізілді. Күн тәртібіне айналған мәселелер бойынша ақпараттық графикалар жариялады», деп жазды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс өзінің Facebook парақшасында.
Осылайша, Шымкент басшысының баспасөз қызметі мегаполистің жаңа дәуірін жазып келеді.
«Осы сәтте, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, ұжымыма алғыс айта отырып, алдағы Барыс жылы да бүгінгі биігімізден түспей, баршаңыздың қолдауларыңызбен алға ұмтыламыз деген сенімдемін. Шымкент жайлы жағымды хабарлар көп болсын!», деп қосты Бекен Қоныс.