• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қаңтар, 2022

2022 жылы пандемия аяқтала ма? ДДҰ жауабы

559 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус пандемияны аяқтау алғышарттарын атады, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС сайтына сілтеме жасап.

ДДҰ басшысы әлем елдері вакциналарды тарату кезіндегі әділетсіздік пен теңсіздіктерді жойса, 2022 жылы коронавирус пандемиясы аяқталуы мүмкін деп мәлімдеді.

Гебрейесус өзінің жаңа жылдық жолдауында «омикрон» нұсқасының пайда болу себебін асыра ұлтшылдық пен кейбір елдердегі вакциналардың артық қорымен байланыстырды.

ДДҰ өз азаматтарына үшінші екпе алуды ұсынған әлемнің бай елдерін бірнеше рет сынға алды. Себебі, көптеген аймақтарда халықтың айтарлықтай бөлігі вакцинаның бірінші дозасын да алмаған. ДДҰ басшысының пікірінше, әділдік қағидаты неғұрлым ұзақ бұзылса, біз алдын-ала болжай да алмайтын вирустың одан әрі өзгеру қаупі жоғары болмақ.