• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қаңтар, 2022

Әлем және «омикрон»: Шетелде Жаңа жылды қалай қарсы алды?

272 рет
көрсетілді

Францияның Үнді Мұхитындағы Реюньон аралында «омикронның» тез таралуына байланысты енгізілген коменданттық сағат жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz euronews-ке сілтеме жасап.

Кем дегенде үш апта, кешкі сағат 9-дан таңғы беске дейін азаматтар дәлелді себептерсіз көшеге шықпай, үйде болуға міндетті. Сонымен қатар, бұқаралық іс-шараларға және мейрамханаларға, кинотеатрларға, мұражайларға және басқа да қоғамдық орындарға баруға шектеулер енгізілді.

Марсельдегі ең үлкен ауруханалардың бірінің қызметкерлері үлкен жұмыс көлемінен қатты шаршағанына қарамастан, кішкентай жаңа жылдық кешкі ас ұйымдастыруға шешім қабылдады. Тағамдар мәзірі мен сусындарды науқастар мен олардың туыстары әзірлеп әкелді.

Кипр билігі келесі аптадан бастап маңызды шектеулер енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Аралдың грек бөлігінде ковидті жұқтыру жылдамдығы бір айда сегіз есе өсіп, күніне бес мың жаңа жағдайдан асады.

Лиссабон портында круиздік кеме экипажының 50-ден астам мүшесінен коронавирус анықталды. Португалия билігі кемені тоқтатуға шешім қабылдады. Нәтижесінде, 3000 жолаушы жаңа жылды керемет лайнерде емес, оқшауланған жағалауда қарсы алды.

Германиядағы Штутгарт қаласында полиция вакцинация мен коронавирустық шектеулерге қарсы санкцияланбаған наразылық акциясына қатысқан бірнеше адамды ұстады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасаған ескертулерге қарамастан, манифестацияға 100-ге жуық белсенді жиналды.