Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды толық қадалағалауда ұстауды тапсырғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс», делінген Президент жазбасында.
Сондай-ақ Президент: «Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек» деп атап өтті.