Қазақстанда 3 қаңтарда қанша адам коронавирус вакцинасын салдырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«3 қаңтарда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 001 422 адам, 2 - ші компонентін 8 531 065 адам салдырды», делінген хабарламада.
3 қаңтарда Pfizer вакцинасының І-ші компонентін 287 639 жасөспірім, 20 191 жүкті әйел, 49 535 бала емізетін әйел салдырды.
ІІ-ші компонентін 120 839 жасөспірім, 7 951 жүкті әйел, 20 587 бала емізетін әйел салдырды.