• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қаңтар, 2022

Қуатты Қостанай тракторы

266 рет
көрсетілді

Алқап жұмыстарына арналған техниканың ішінде «Киров» тракторының орны алабөтен екенін жер өңдеп, дән еккен диқан жақсы біледі. Жұмысы өнімді бұл тракторлар бізге бұрын негізінен Ресейден келетін. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан теріскейдегі көршімен өндірістік кооперацияны дамыту жөнінде уағдаласқан соң, аса қуатты трактор Қостанайда да құрастырыла бастаған.

Қостанай трактор зауыты былтыр 400 трактор құрастырып, өндіріс көлемін 65%-ға дейін ұл­ғайтты. Алдыңғы жылы небәрі 242 трактор жасап шығарған за­уыт, осылайша, жоспарын 20 па­йызға асыра орындап, жылды же­місті аяқтады. Бұған дейін трак­торды Ресейден бүтіндей бөл­шек түрінде әкеліп, оны тек құ­растырумен ғана шектеліп кел­ген қостанайлық зауыт был­тыр­дан бастап «Кировецке» қа­­жет пластик бөлшектерді тү­гелдей Қостанайда өндіре бас­тады.

– Біздің зауыт өз дамуындағы жаңа бір кезеңді еңсерді. Плас­тиктен жасалатын компоненттер өндірісін іске қосу оңай бол­ған жоқ. Зауыт мамандары Санкт-Петербургте оқып кел­ді. Нә­тижесінде, қазір трак­тор­дың ал­дыңғы және артқы доң­ға­лақ­тарының жабын қанаттарын, аккуммулятор батареясының қап­тамасын, кабинаның төбесін және капотты өзіміз жасаймыз. Әсіресе, капот жасау аса қиын. Ол үшін пішіні әртүрлі 19 қо­сымша деталь жасап шы­ғару керек. Сонымен қатар жа­ңа құрылғыны меңгерудің нәти­жесінде балластық жүкті, яғни техниканың тепе-теңдігін сақ­тауға қажет құралды өндіруді игер­дік. Шартты түрде, бір трак­торға мұндай бөлшектің 80 шақ­тысы қажет. Оның бәрінің сал­мағы 1 мың килодан асады. Бір ауысымда біз 162 балластық жүк шығарамыз, ал бір маусымда оның саны шамамен 40 мыңға жетеді, – деді Қостанай трактор зауытының директоры Динара Шүкіжанова.

Компания басшысының айтуынша, Қостанай трактор зауыты екі жыл ішінде өндірісті дамытуға серпін беретін біраз шаруаның басын қайырған. Бү­гінгі таңда өндірісті өрістетуге қажет заманауи жабдықтар, се­німді серіктестер бар. Қазір кә­сіпорын қуаты 300 және 420 ат күшіне тең «Кировец» тракторларын шығарады.

Биыл тракторларды әлі де жа­ңар­та түсу жоспарланып отыр. Мәселен, К-7М трактор­ла­­рындағы жаңа гидрожүйе ен­ді бі­різдендірілетін болады. Сондықтан әр трактор қа­шық­тан басқару жүйесі­мен жаб­дық­талады. Бұл техни­каның тұр­ған жерін, оның жылд­ам­дығын, отын шығынын, қоз­ғалт­­қыштың жай-күйін онлайн ре­жімде бақылауға мүмкіндік береді.

 

Қостанай облысы