Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қаралған «Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздіктің 30 жылы» атты ұлттық баяндаманың тоғызыншы шығарылымы аясындағы талдау барысында жастардың қазіргі дамуының бірнеше маңызды сипаттамалары анықталды.
Осылайша, жастардың негізгі құндылықтары соңғы 5 жыл бойы өзгеріссіз қалды. Өткен жылдардағыдай жастар арасындағы басты құндылық – отбасы (82,5%), екінші орында – денсаулық (45,6%), үшінші орында – достық (23,1%).
Сауалдамаға қатысқан жастардың 72,3%-ы өздерінің денсаулықтарын мықты деп санайды, 44,8% үнемі профилактикалық тексеруден өтеді. Жастарды бұқаралық спортқа тарту процесінде де оң динамика бар екенін атап өткен жөн – жастардың 60,9%-ы спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Сондай-ақ ғылым саласында да оң динамика байқалады: соңғы 9 жылда 35 жасқа дейінгі ғалымдар саны 21% артты.
Жалпы, жастардың 78% болашаққа зор сеніммен, бірқалыпты қарайды.