• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қаңтар, 2022

Жоғалған жасөспірім табылды

259 рет
көрсетілді

Қостанай ауданына қарасты Жуков елді мекенінде тұратын 14 жастағы Кирилл Дукарт боранды күні жылқы іздеуге шығып кетіп қайта оралмаған.  Ауылдан жаяу шыққан жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы тосын хабар үшінші қаңтарда түстен кейін белгілі болды.

Төтенше жағдай де­пар­таменті мен поли­ция қызметкерлері Алек­сандров ауылдық окру­гінің маңайында жедел іздестіру-құтқару шараларын бастап, артынша оған еріктілер жасағы  қо­сылды.

Қостанай ауданы әкім­­дігінің мәліметінше, жоғалған жасөспірімді іздестіруге төтенше жағ­дай қызметінің бір­неше ар­найы техникасы, із ке­суші ит ерткен төрт ки­но­лог маман, қар ша­наға мінген еріктілер – бар­лығы 110 адам, 26 техника қатыс­қан.  

Іздеу шаралары тоғыз сағатқа созылды. Абырой бол­­ғанда, жасөспірім қар­­­лы бо­ранда жаяулатып оты­рып ауылдан 50 шақы­рым қа­шықта жатқан Шеминов елді ме­кенінің үстінен түскен.  

– Боран күшейіп кет­кен­діктен қайтар жолды таба алмай қалдым, адасып жүріп 23:30-да Шеминов ауылына кір­дім. Бірінші тұрған үйге кіріп, сол үйде жылынып, жан шақырдым, – деді К.Дукарт. 

Жасөспірім осы үй­ден ана­сына қоңырау шалып, аман-есен екенін ха­барлаған. Одан кейін кел­ген еріктілер жа­сағы Ки­рилді үйіне дейін жет­кізіп, ата-анасының қо­лына табыс еткен. Сол күні ке­зек­­шілік еткен медицина қыз­­­меткерлерінің сөзінше, жас­­өспірімнің қол-аяғын үсік шалмаған.  

 

Қостанай облысы