Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген, оның 150-і жедел жәрдеммен жеткізілсе, қалған 40 тұрғын ауруханаға өздері келген.
«40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 адам жансақтау бөлімінде, арасында 4 полиция қызметкері бар. Жалпы зардап шеккендердің ішінде 137 полиция қызметкері және 53 қала тұрғыны бар», делінген хабарламада.