• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Қаңтар, 2022

Елордада коронавирус жұқтыру саны күрт өсті

286 рет
көрсетілді

Елордада коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері артты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті қала тұрғындары!

Бүгінгі таңда КВИ инфекциялық стационарларында бізде 425 пациент емделуде. Төсек жүктемесі 70%-дан асады. Реанимациялық төсектердің жүктемесі 32,5%. ӨЖЖ аппараты астында 6 пациент өмір үшін күресуде», деді Тимур Мұратов.

Елордада КВИ-мен күресу үшін ковидтік орталықтарға 7 қалалық стационар жұмылдырылды.

«Бұл эпидемиологиялық жағдай ең қолайлы емес, егер санитарлық нормалар ескерілмесе, коронавирус таралуының үлкен қаупі бар дегенді білдіреді», деді қаланың бас дәрігері.